Қарағанды облысында Сәкен Сейфуллиннің 130 жылдығына арналған білім марафоны басталды

Қарағанды облысында Сәкен Сейфуллиннің 130 жылдығына арналған білім марафоны басталды

Сәкен Сейфуллин атындағы Қарағанды гимназиясында "Сарыарқа саңлағы – Сәкен" Білім марафоны басталды. Жыл бойы облыстың білім беру мекемелерінде челлендждер, шығармашылық кештер, пікірталастар мен конкурстар өтеді.

Келесі жылы қазақ ақыны және жазушысы, қазіргі қазақ әдебиетінің негізін қалаушы, мемлекет қайраткері, Қазақстан Жазушылар одағының негізін қалаушы Сәкен Сейфуллиннің туғанына 130 жыл толады.

Марафонды ұйымдастырушы – білім басқармасының қолдауымен Қарағанды облысының білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы.

– Білім марафоны Сәкен Сейфуллиннің туғанына 130 жыл толуына арналған. Ол жыл бойы өтеді, оған Сәкен Сейфуллин атындағы білім беру ұйымдары мен мектептер Альянсы қатысады. Көптеген іс-шаралар жоспарланған, соның ішінде поэтикалық конкурстар мен челлендждер, Сәкен Сейфуллин шығармаларының үзінділерін сахналау, кездесулер мен пікірталастар, – деді ұлы тұлғалар атындағы мектептер альянсының жетекшісі, Қарағанды облысының білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығының әдіскері Гүлназ Жаркеева.

Қарағанды облысында Сәкен Сейфуллин есімімен аталатын төрт мектеп бар – Шахтинск, Балқаш, Нұра ауданы және Қарағандыда. 

Білім марафоны Сәкен Сейфуллин атындағы Қарағанды гимназиясында басталды.

– Біздің мектеп 1962 жылы құрылды, 1997 жылы гимназия мәртебесін алды, ал 2021 жылы бізге қазақтың ұлы ақыны және жазушысы, мемлекет қайраткері Сәкен Сейфуллиннің есімі берілді. Сәкен Сейфуллиннің өмірі мен шығармашылығын зерттеу өскелең ұрпаққа патриотизмді, еңбекқорлықты және басқа да жағымды қасиеттерді сіңіруге көмектеседі. Білім беру марафонының нәтижелері келесі жылы шығарылады, – дейді Сәкен Сейфуллин атындағы гимназияның директоры Салтанат Жүнісова.

Гимназия мұғалімдері мен оқушылары "Сәкеннің соңғы сапары" атты театрландырылған қойылым

мен концерттік бағдарлама дайындады.

Қонақтар үшін мектеп фойесінде арт-вернисаж ұйымдастырылды.