Балқаштың қоғамдық көлігінде қараша айында ONAY! Жүйесі іске қосылады

Балқаштың қоғамдық көлігінде қараша айында ONAY! Жүйесі іске қосылады

Балқаштың қоғамдық көлігінде қараша айында ONAY! электронды төлем жүйесі жұмыс істей бастайды. Тұрғындар мобильді қосымша арқылы автобустардың қозғалысын бақылауға мүмкіндік алады.

Жүйе қаладағы нақты жолаушылар ағынын көрсетеді, бұл маршруттық желіні оңтайландыруға көмектеседі.

Автобуспен жүру үшін көлік карталары қажет болады. Оларды ONAY! көлік карталарын сату, ресімдеу және беру пунктінде сатып алып, ресімдеуге болады.

Қараменді би көшесі, 15 мекен-жайындағы Open Akimat ғимаратында дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін құжаттар қабылданады. Түскі ас 13: 00-ден 14: 30-ға дейін.

Балқашта көлік карталарының үш түрі пайдаланылады: "7 жастан 18 жасқа дейінгі балалар", "Республикалық жеңілдік" және "Бірыңғай карта".

Жеті жасқа толмаған балалар картасыз және жол ақысын төлемей қоғамдық көлікте жүре алады.

7 жастан 18 жасқа дейінгі жолаушыларға "Балалар" картасы қажет болады. Ол бойынша жол жүру құны толық тарифтің 50%-н құрайды (Балқашта 30 теңге).

"Республикалық жеңілдік" картасы:

- "Алтын алқа", "Күміс алқа" белгілерімен марапатталған немесе бұрын "Батыр Ана" атағын алған көп балалы аналар;

- I және II дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен марапатталған көп балалы аналар;

- бірінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға.

Жолаушылардың барлық басқа санаттары "Бірыңғай картаны" сатып алуы керек. Оның құны – 500 теңге.

Open akimat кеңсесінен басқа, картаны келесі мекен-жайлар бойынша рәсімдеуге болады:

- Әлімжанов көшесі, 14, – "№ 1 Беларусь өнімі" дүкені;

- Қараменді би көшесі, 9, – Беларусь өнімдерін сату бөлімі.

Карталарды пайдалану және толтыру ережелері туралы қосымша ақпаратты www.onay.kz сайтынан, компанияның (8-7212) 50-60-50 нөмірі бойынша call-орталығында немесе Instagram, VK және Facebook  әлеуметтік желілеріндегі компанияның парақшаларынан табуға болады.

Балқаш қаласы әкімдігінің ақпараты бойынша