Қарағанды облысында қанша мұғалім жұмыс істейді

Қарағанды облысында қанша мұғалім жұмыс істейді

Қарағанды облысының мектептерінде 17 708 мұғалім жұмыс істейді. Мұғалім мамандығында негізінен әйелдер қауымы басым болып қала береді.

Кәсіби мерекеде білім басқармасы кадр статистикасын хабарлады.

Ведомствоның мәліметінше, оқушыларға өңірімізде 17 708 педагог білім береді, оның ішінде әйелдер – 15 262, ерлер – 2 446. 3441 мұғалімнің 30 жылдан астам тәжірибесі бар.

Облыс колледждерінде 2097 педагог жұмыс істейді: әйелдер – 1474, ерлер – 623.

Облыста мектепке дейінгі мекемелердің тәрбиешілері 3264. Бұл жұмысты тек нәзік жандылар ғана атқарады екен. Аймақтың балабақшаларында күтуші ер адамдар жоқ.

Биылғы жылы Қазақстанда Мұғалімдер күні алғаш рет нақты күні - 5 қазанда атап өтіледі. Педагогтардың кәсіби мерекесі 5 қазанда әлемнің 100-ден астам елінде атап өтілетін Дүниежүзілік мұғалімдер күнімен үндестірілді.

Барлық мұғалімдерді құттықтаймыз! Еңбегі, тәжірибесі, балаларға қамқорлығы үшін зор алғыс білдіреміз. Денсаулық, бақыт, шабыт, оқушылардың табысынан қуанышқа бөленулеріңізге тілектеспіз! Барлық игіліктер бұйырсын сіздергк!