Қарағандыда 21 қазанда "Қарағанды – 90 жыл" кәдесый шеберлерінің өңірлік байқауы өтеді. Өтінімдер 19 қазанға дейін электрондық пошта арқылы қабылданады: miss_world2020@bk.ru және WhatsApp +7-701-750-21-56, +7-701-609-85-21.
Байқауға қатысу тегін. Оған барлық ниет білдірушілер қатыса алады, жас шектеулері де жоқ.
Конкурс келесі номинациялар бойынша өткізіледі:
- этностильдегі кәдесый (киізден жасалған бұйымдар, халық қолөнері, киім және зергерлік бұйымдар);
- интерьер кәдесыйы (панельдер, суреттер, астабақшалар, кружкалар, құмыралар);
- кәдесый-миниатюра (магниттер, кілттер, белгішелер);
- тоқыма, тоқылған кәдесый.
Кәсіби қазылар алқасы әр номинация бойынша жеңімпаздар мен Гран-при иегерін анықтайды. Жеңімпаздар үш дәрежелі дипломдармен, сыйлықтармен және сертификаттармен марапатталады.
Ұйымдастырушылар конкурстың өтетін орны туралы кейінірек хабарлайды.
Ұйымдастырушылар – "Шебер" сәндік-қолданбалы өнер шеберлерін қолдау орталығы" ҚБ, Қарағанды облысы бойынша орыс, славян және казак ұйымдарының Қауымдастығы, "Казачья вольница" ҚБ, World Beauty Kazakhstan журналы.