Қарағандыда "Міржақып. Оян, қазақ!" фильмінің премьерасы өтті

Қарағандыда "Міржақып. Оян, қазақ!" фильмінің премьерасы өтті

Қарағандылықтарға "Міржақып. Оян, қазақ!" фильмі таныстырылды. Бұл – қазақ ақыны, жазушысы, "Алашорданың" белгілі қайраткері Міржақып Дулатов туралы тарихи жоба.

"Сарыжайлау" кинотеатрында қарағандылық көрермендермен картинаның түсірілім тобы мен басты рөлді сомдаған актер кездесті.

Бастапқыда "Қазақстан" телерадиокорпорациясы дайындаған алты бөлімнен тұратын тарихи фильм жарық көрген болатын. Сериал Міржақып Дулатовтың 1909 жылдан 1935 жылға дейінгі өмір кезеңін қамтиды - бұл "Оян, қазақ!", "Бақытсыз Жамал" романын жазу, революциядан кейінгі қоғамдық-саяси қызмет, ашаршылық жылдары, Қызылорда, Семей қалаларындағы өмір, Бутыр түрмесінде қамау, Ғайнижамалмен махаббат хикаясы.

Жаңа екі сағаттық фильм негізінен сериалдың 30%-ын құрады.

– Фильм нұсқасында Міржақыптің өзіне көбірек көңіл бөлінеді. Егер көрермен көбірек білгісі келсе, онда сериалдың өзін де көре алады. Жалпы, сценарий жазу, түсіру және монтаждау шамамен сегіз айға созылды, ал біз сериалды бір жыл ішінде жасадық. Әрине, мұндай үлкен жоба үшін бұл қысқа мерзім, – деді режиссер Мұрат Есжан.

Сценарий авторлары – Мұрат Есжан, драматург - Ұларбек Нұрғалымұлы, сондай-ақ картинаға ғалым Ұшқын Сайдырахман қатысты.

– Фильм түсіру үшін 31 тарихи дереккөз пайдаланылды. Сонымен қатар, жиырма алаштанушылармен сұхбат жүргізілді. Әрқайсысы өз зерттеулеріне сәйкес ақпарат берді. Фильмнің күшті тарихи негізі бар, бірақ сонымен бірге бұл көркем картина, – деп атап өтті Ұшқын Сайдырахман.

Сериалдағы басты рөлді Бақыт Қажыбаев, Зарина Кармен Міржақып Дулатовтың әйелі Ғайнижамалды, ал қызы Гүлнұр бейнесін Гүлжан Аспетова сомдады. Ахмет Байтұрсынов пен Әлихан Бөкейхановты "Ахмет. Ұлт ұстазы" сериалының бас кейіпкерлері Байғали Есінәлі мен Бауыржан Қаптағай ойнады.

– Тарихи тұлғаны ойнау – әр актер үшін үлкен жауапкершілік. Рөлдегі жұмыс менің өз еліме және тіліме деген сүйіспеншілігімді айқын көрсетті. Мен кейіпкерімнің өз Отаны үшін қалай азап шеккенін, қандай құрбандықтарға барғанын, сол кездегі адамдардың барлық қиындықтарды жеңу үшін қандай күш, батылдық пен төзімділікке ие болғанын көрсетуге тырыстым, – деп бөлісті актер Бақыт Қажыбаев.

"Міржақып. Оян, қазақ!" 5 қазанға дейін "Сарыжайлау” кинотеатрында өтеді. Бірақ егер сұраныс болса, кинотеатр көрсетілімді ұзартуға дайын.