Қарағандылық Артем Саркисян Азия ойындарының қола жүлдегері атанды

Қарағандылық Артем Саркисян Азия ойындарының қола жүлдегері атанды

Азия ойындарында Ханчжоуда семсерлесуден Қазақстанның ерлер командасы үшінші болды. 

Қазақстандық қылышшылар Артем Саркисян, Назарбай Саттархан, Жанат Нәбиев және Мұхамедали Рахманәлі жартылай финалға жетіп, Оңтүстік Корея спортшыларынан 41-45 есебімен жеңіліп қалды.

1/2 финалға шығу қола медальға кепілдік берді. Нәтижесінде Қазақстан командалық жарысты үшінші орынмен аяқталды.

Жүлдегерлер қатарында қарағандылық Артем Саркисян бар.

Жақында ол Дүниежүзілік Универсиадада семсерлесуден ҚР ерлер ұлттық құрамасының құрамында "қылыш" бағдарламасында қола медаль жеңіп алды.

Ал наурыз айында Италияның Падуя қаласында жеке жарыстарда Тәуелсіз Қазақстан тарихындағы ересектер арасында семсерлесуден әлем Кубогының бірінші медалі – күмісті жеңіп алды. Бұған дейін ірі халықаралық жарыстардың наградаларын тек ерлер қылышы мен әйелдер қылышының өкілдері әкелген.

Жаттықтырушысы – Виктор Егоров.

Ертең Азия ойындарында семсерлесуден командалық жарыста қарағандылық Анастасия Гулик өнер көрсетеді.

Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының ақпараты бойынша