Спорт фестивалі, концерттер, көрмелер және мерекелік салют: Теміртауда қала күні қалай тойланады

Спорт фестивалі, концерттер, көрмелер және мерекелік салют: Теміртауда қала күні қалай тойланады

Теміртау тұрғындары 1 қазанда қаланың 78 жылдығын атап өтеді. Мерекелік күнге концерттер, спорт фестивалі, көрмелер дайындалып, түрлі-түсті отшашулар болады.

30 қыркүйекте сағат 10:30-да мәдениет және демалыс саябағында спорт фестивалі және "Экокросс" жаппай жарысы өтеді.

1 қазан

Ескі қала саябағы:   

- 11:00 – тоғызқұмалақ, қазақ күресі, асық ату, ерлер мен әйелдер арасындағы стритбол, волейбол, шахмат, үлкен теннис, армрестлинг, арқан тартыс бойынша спорттық жарыстар;

- 12:00 – балаларға арналған ойын-сауық;  

Қалалық мәдениет және демалыс саябағы:

- 17:00 – Қали Байжанов атындағы концерттік бірлестіктің кәсіби әртістерінің қатысуымен "Туған күніңмен, сүйікті қалам" концерті.  

Шығыс мәдениет және демалыс саябағы:

- 14:00 – Қали Байжанов атындағы концерттік бірлестіктің кәсіби әртістерінің қатысуымен өтетін концерт.

"Бірлік" алаңы (Тұңғыш Президенттің тарихи-мәдени орталығынан тыс):

17:00–19:40:

- "Уақыт арқылы көзқарас" тарихи-өлкетану мұражайының экспозициясы;

- халық қолөнершілерінің сәндік-қолданбалы шығармашылығының көрмесі;

- сауда;

- мәдениет сарайының шығармашылық ұжымдарының концерті;

19:40–22:00:

-  Қали Байжанов атындағы концерттік бірлестіктің "Арай" ансамблінің кәсіби әртістерінің концерті;

- Теміртау туралы үздік ән, өлең және картинаға қалалық байқаулардың қорытындысын шығару;

– CUBA ұжымының от және жарық шоуымен өнер көрсетуі;

- Akha қазақстандық эстрада жұлдыздары мен Маржан Арапбаеваның өнер көрсетуі;

- 22:00 – мерекелік отшашу.