2023 жылғы 25 қыркүйектен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы инновациялық шешімдер» тақырыбында сыбайлас жемқорлыққа қарсы жобалардың республикалық байқауы басаталды.
Байқаудың мақсаты – маңызды ғылыми, цифрлық және техникалық шешімдерді, инновациялық жобаларды жүзеге асыру мен анықтау мақсатында азаматтық қоғамды сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатқа тарту.
Байқауға барлық ниет білдіруші тұлғалар (жеке және заңды тұлғалар), оның ішінде қоғам, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатыса алады.
Байқау келесі басым бағыттар бойынша өтеді:
- Қоғамдық бақылау
- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы білім беру және зерттеу
- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы білім беру және зерттеу
- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы медиа құралдар.
Байқау екі кезеңнен тұрады: іріктеу, финал.
Іріктеу кезеңі 2023 жылғы 25 қыркүйектен 30 қазанға дейін өткізіледі.
Байқаудың финалдық кезеңі 2023 жылдың 1 желтоқсанында Қарағанды қаласында өтеді.
Байқаудың қорытындысы бойынша үздік жобалардың авторлары ақшалай сыйақымен марапатталады, сонымен қатар жобаны жүзеге асыру үшін қаржылау-техникалық қолдау көрсетіледі.
Байқауға қатысу үшін өтінімдерді жолдау 2023 жылдың 30 қазанына (қоса алғанда) дейін электронды пошта konkurs1424@mail.ru арқылы жүзеге асырылады
Байқауғы қатысу сұрақтары бойынша қосымша ақпаратты 8-701-186-43-00, 8-702-412-29-06 телефондары арқылы алуға болады.
Байқаудың өту талаптарымен танысу және өтінімдерді дайындау үшін қажетті құжаттардың шаблондарын https://www.gov.kz/memleket/entities/anticorruption-karaganda/press/news/details/624905?lang=ru сілтеме арқылы алуға болады.