Теміртау тарихи-өлкетану мұражайында 29 қыркүйекте "Болашаққа бағдар берушілер" экспозициясы ашылады. Келушілер белгілі ғалымдар мен алғашқы құрылысшылар Қаныш Сәтбаевтың, Ибраһим Тәжиевтің және Василий Курдюковтың өмірі мен еңбектерімен таныса алады.
Экспозицияда ғалымдардың бірегей құжаттары: Нұра бойынша экспедиция туралы жазбалары бар Василий Курдюковтың жұмыс дәптерінің үзінділері, металлургиялық комбинат құрылысының экономикалық негіздемесі бар Қаныш Сәтбаевтың баяндамалық жазбалары, ҚарГРЭС-1, СК зауытының, Қазақ металлургиялық зауытының құрылысын басқарған Ибрагим Тәжиевтің жеке ісінен алынған құжаттар ұсынылған.
Экспозиция мұражай қорларының көлемді жәдігерлерімен толықтырылды. Бұл индустрияландыру жылдарындағы қазақстандық дала зерттеушілерінің тұрмысы мен жұмысының заттары: аспалы дорба, теодолит, қайла, дала шатыры, минералдардың үлгілері және т. б.
"Экспозицияның ашылуы сағат 12:00-де өтеді. Оған болашақ мамандықты таңдау алдында тұрған жоғары сынып оқушылары шақырылды. Атақты жерлес ғалымдардың мысалы оларды өздерін зерттеуші ретінде сынап көруге шабыттандырады деп үміттенеміз. Олар мұражай қабырғасында өздерінің кәсіби жолдарын анықтай алады", – дейді көрмені ұйымдастырушылар.
Қосымша ақпаратты келесі телефон арқылы алуға болады: (8-7213) 93-19-05.