Қарағандылық батутшы Данил Мұсабаев Азия ойындарында өнер көрсетеді

Қарағандылық батутшы Данил Мұсабаев Азия ойындарында өнер көрсетеді

Қарағандылық Данил Мұсабаев 3 қазанда Ханчжоуда өтетін Азия ойындарында өнер көрсете бастайды. Өткен жылы ол батут гимнастикасынан әлем кубогы кезеңдерінің сомасы бойынша әлемдік рейтингті басқарған алғашқы Қазақстандық болды.

2023 жылы біздің жерлесіміз Бакуде өткен Әлем Кубогы кезеңінде екі алтын жеңіп алды. Қарағандылық испандық Хорхе Мартин мен Француз Алан Морантеден озып, жеке жарыстарда бірінші орынды иеленді. Екінші алтынды Мұсабаев синхронды секірулерде Пирмамад Әлиевпен жұпта жеңіп алды.

– Данил тек жеңіске ұмтылып отыр. Негізгі және ең күшті қарсыластар – қытайлар мен жапондар. Бірақ біздің батутшылар Азия ойындарында медаль жеңіп алады деп үміттенемін, – дейді батут гимнастикасынан Қазақстан құрамасының жаттықтырушысы және спортшының жеке тәлімгері Сергей Вертянкин.

Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының ақпараты бойынша