Қарағандыда жаңа автобус бағыты ашылады

Қарағандыда жаңа автобус бағыты ашылады

Қарағандыда 27 қыркүйектен бастап № 63 жаңа бағыт жұмыс істей бастайды. 

Көлік облыстық онкологиялық диспансерден 30-шы шағын ауданға дейін жүретін болады. Әлеуметтік желілерде қала тұрғындарымен жаңалықты Қарағанды әкімі Мейрам Кожухов бөлісті.

"Мұнай базасының тұрғындары автобустардың оларға бұрылуын сұрады, өйткені бұл аймақ кішкентай емес. Сәрсенбіден бастап 30-шы шағын аудан – онкология бағыты бойынша № 63 жаңа бағыт жұмыс істейтін болады. Ол Камская, Резник және Ерубаев көшелерін қамтиды, сонымен қатар "Магнум" ауданын ХМК-мен тікелей байланыстырады", – деп жазды қала басшысы Instagram парақшасында.

Желіде 20 минуттық интервалмен бес автобус жұмыс істейді.

Сондай-ақ, жұмысшы кент тұрғындарының өтініші бойынша 27 қыркүйектен бастап № 69 маршруттың қозғалысы ұзартылады.

"Бүгінде бұл кентте жолаушыларды тасымалдауды тек Жұмысшы кент пен Сұрыптау арасында жүретін 42-ші автобус жүзеге асырады. Тұрғындар Майқұдыққа дейін бір-екі рет автобус айырбастап, жетуге мәжбүр болды. Енді жағдай өзгереді, әлдеқайда ыңғайлы болады. Егер бұрын 69-шы бағыт тек Майқұдық бойынша – емханадан 14-ші ш/а-ға дейін жүрсе, енді ол емханадан Жұмысшы кентіне дейін жүреді. 50 минут аралықпен екі автобус жұмыс істейтін болады", – деді Мейрам Кожухов.