Қарағандыда "Сын – шын болсын" республикалық театр фестивалінің қорытындысы шығарылды

Қарағандыда "Сын – шын болсын" республикалық театр фестивалінің қорытындысы шығарылды

Қарағандыда Қазақ ұлттық кәсіби театр өнерінің негізін қалаушылардың бірі, КСРО Халық әртісі, КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Қалибек Қуанышбаевтың туғанына 130 жыл толуына арналған "Сын – шын болсын" ІІ Республикалық театр фестивалі аяқталды.

Бас жүлде "Бернарда Альбаның үйі" спектаклі үшін Ғ. Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрына берілді.

Фестивальге тоғыз театр қатысты. Спектакльдер С. Сейфуллин атындағы Қаздрамтеатр мен Теміртау жас көрермендер театрларының сахналарында өтті.

– Фестиваль жоғары деңгейде өтті. Бізге, қазылар алқасына, үздіктердің ішінен ең жақсысын таңдау өте қиын болды. Теміртау театрының "Поминальная молитва", Алматы театрының "Бернарда Альбаның үйі", Талдықорған театрының "Аты жоқ жұлдызын", Жезқазған театрының "Шақан-шері", Павлодар театрының "Ұждан" спектакльдерін атап өткім келеді. Қарағандылық көрерменді де ерекше атап өткен жөн, – дейді қазылар алқасының мүшесі, театр сыншысы, өнертану кандидаты Айсұлу Сағитова (Уфа қ., Башқұртстан).

Фестиваль аяқталғаннан кейін жеңімпаздар анықталды. Гран-приді "Бернарда Альбаның үйі" спектаклі үшін Алматы қаласы Ғ. Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театры алды.

– Біз Гарсия Лоркидің "Бернарда Альбаның үйі" жұмысын әкелдік. Онда негізінен театр актрисалары – әйелдер ұжымы жұмыс істейді, сондықтан менде әйел режиссер ретінде түсіну мен өзара әрекеттесу тұрғысынан қиындықтар болған жоқ. Фестиваль жақсы деңгейде өтті. Бұл қызықты, өйткені біз басқа аймақтардағы театр өмірімен танысамыз. Сондай-ақ, бұл актерлермен танысу, қарым-қатынас, әр түрлі театрлардағы режиссерлермен диалог. Шығармашылық адам ретінде мен үшін бұл өте маңызды, – деп атап өтті Ғ. Мүсірепов атындағы дас көрермендер театрының режиссері Дина Жұмабаева.

Бірінші орынды Балалар мен жасөспірімдерге арналған Теміртау театры, екінші орынды Б. Римова атындағы Талдықорған драма театры иеленді.

Номинациялар бойынша жеңімпаздар:

- "Үздік режиссура" – Мейрам Хабибулин (С. Қожамқұлов атындағы Жезқаған қазақ музыкалық драма театрының "Шақан-шері" спектаклі);

- "Үздік ансамбль" – Ж. Аймауытов атындағы Павлодар облыстық қазақ музыкалық-драма театры;

- "Үздік актер" – Ардақ Жарқынбеков (С. Қожамқұлов атындағы Жезқаған қазақ музыкалық-драма театры);

- "Үздік актриса" – Наталья Снегирева (балалар мен жасөспірімдерге арналған Теміртау театры);

– "Үздік сценография" – Түркістан музыкалық-драма театры;

- "Екінші пландағы үздік актер" – Думан Өмірбаев (Семей қаласының "Дариға-ай" жастар театры);

- "Екінші пландағы үздік актриса" – Тынышгүл Сұлтанбердиева (Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театры).