ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі "Дарын" мемлекеттік жастар сыйлығын алуға конкурс жариялады. Сыйлық жыл сайын жемісті ғылыми, шығармашылық, қоғамдық қызметі үшін, сондай-ақ жоғары спорттық жетістіктері үшін беріледі.
Байқау 10 номинация бойынша өтеді: "Әдебиет", "Ғылым", "Дизайн және бейнелеу өнері", "Журналистика", "Классикалық музыка", "Шығармашылық бастамалар", "Спорт", "Театр және кино", "Эстрада" және "Халық шығармашылығы".
Халықаралық және республикалық конкурстардың, фестивальдар мен көрмелердің лауреаттары, республикалық және халықаралық деңгейдегі спорттық жарыстардың жүлдегерлері мен жеңімпаздары, сондай-ақ қызметі инновациялық болып саналатын және тиісті саланың және тұтастай қоғамның дамуына ықпал ететін кандидаттар өтінімдерді қабылдау аяқталған кезде 35 жасқа дейінгі Қазақстан азаматтары сыйлық алуға үміткер болады.
Сыйлыққа үміткерлерді ұсынуды мемлекеттік органдар мен қоғамдық бірлестіктер жүргізеді.
Сыйлыққа ие болған адамдарға "Дарын" мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты" атағы беріледі, диплом, төсбелгі және ақшалай сыйлық беріледі.
Жыл сайын ҚР Тәуелсіздік күніне орай "Дарын" сыйлығын тапсыру жоспарлануда.
Ізденушілердің құжаттарын 2023 жылғы 20 қарашаға дейін ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің Жастар және отбасы істері комитеті Астана қаласы, Мәңгілік ел даңғылы, 10, Министрліктер үйі (14-кіреберіс) мекенжайы бойынша қабылдайды. Байланыс: (8-7172) 74-05-25, 74-18-43, +7-701-170-46-54 және (электрондық нұсқа) пошта арқылы premiya.daryn@gmail.com.
Толығырақ ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің сайтында.
"Дарын" сыйлығы 1992 жылы құрылды. Әр жылдары әр түрлі саладан 320-дан астам адам сыйлық иегері атанды.