Қарағандыда Шаймардан Сариев атындағы Атырау мұражайының көрмесі өтуде

Қарағандыда Шаймардан Сариев атындағы Атырау мұражайының көрмесі өтуде

Қарағанды бейнелеу өнері мұражайында Ш.Сариев атындағы Атырау облыстық көркем және сәндік-қолданбалы өнер мұражайының қорынан құралған "Ұлы дала бояулары" көрмесі ашылды.

Қонақтар қарағандылықтардың назарына әртүрлі техникада жасалған 70 картина ұсынды.

– Биыл мұражайымыздың 35 жылдығына орай "Мұражайлар қонаққа келеді" жобасы ұйымдастырылды. Бізге Павлодардан көрме келіп үлгерді, қазір Атыраудан экспозиция ұсынылды. Бұл көрме бейнелеу өнері тарихымен байланыстың бір түрі. Мұнда еліміздің белгілі суретшілерінің жұмыстары ұсынылған, біз осы туындыларда бейнеленген өткен дәуірмен байланыста өмір сүріп жатқанымызды сезінеміз, – дейді Қарағанды облыстық мұражайының басшысы Бибігүл Құдабаева.

Көрермендердің назарына суретшілер Шаймардан Сариев, Жанатай Шарденов, Сахи Романов, Мұхит Қалимов, Жоламан Аралбаев, Манарбек Дәулетьяров, Қамбарбек Аманов, Садыр Карибай, Рафаэль Слекенов және т. б. туындылар ұсынылды.

– Жыл сайын біздің мұражай көшпелі көрме ұйымдастырады. Біз қарағандылық көрерменге "Ұлы дала бояулары" атты экспозицияны ұсынамыз. Біз қорымыздан 70 туынды әкелдік, туындыларды таңдауда ұрпақтар сабақтастығын бұзбауға тырысамыз. Көрмеге аға, орта буын және жас суретшілердің туындылары кірді. Жұмыстар әртүрлі техникада орындалды. Мұражайлар тәжірибе алмасып, тығыз жұмыс істеуі керек, сол үшін де осындамыз. Біздің мұражайда 2205 кескіндеме, графика, СҚӨ туындылары бар, – деді Шаймардан Сариев атындағы Атырау облыстық көркем және сәндік-қолданбалы өнер мұражайының директоры Төлеген Орынбасарұлы.

Экспозиция 1 қазанға дейін жалғасады.

Көрменің ашылуында екі мұражай басшылары ынтымақтастықты нығайту туралы меморандумға қол қойды.