
Сәкен Сейфуллин атындағы Қарағанды облыстық академиялық қазақ драма театры 92-ші шығармашылық маусымын "Қозы Көрпеш – Баян Сұлу" трагедиясымен ашады. Театр өнерін сүйер қауымын 14 қыркүйекте сағат 18:30-да күтеді.
Режиссері – Теміржан Жанботаев.

Ал 19–24 қыркүйек аралығында театрда КСРО Халық әртісі, КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Қалибек Қуанышбаевтың 130 жылдығына арналған "Сын – шын болсын" ІІ Республикалық театр фестивалі өтеді.
Фестивальге қатысуға өтінімдерді еліміздің әр өңірінен 30-дан астам театр жіберді.
"Фестивальге жіберілген барлық қойылымдарды ұйымдастыру комитеті қарады, бағалады және таңдады. Нәтижесінде фестивальде тоғыз театр өнер көрсетеді. Олардың барлығы соңғы жылдары қойылған ең жақсы туындыларын әкеледі", – деді театрда.