Жер астында өрт шыққан "АрселорМиттал Теміртау" АҚ Көмір департаментінің "Қазақстан" шахтасында құтқарушылар қаза тапқан бес адамның денесін тапты.
ТЖ салдарынан қаза тапқандар:
- Виталий Владимирович Слюньков, 1965 ж. т.;
- Виктор Сергеевич Бургун, 1966 ж. т.;
- Илья Александрович Старовойт, 1996 ж. т.;
- Артур Ринатович Халиков, 1994 ж. т.;
- Денис Геннадьевич Стешин, 1978 ж. т.
Қарағанды облысының әкімдігі қаза тапқан кеншілердің туыстары мен жақындарына көңіл айтады.