Білім + нетворкинг: "Террикон алқабы" тамыз неконференциясына шақырады

Білім + нетворкинг: "Террикон алқабы" тамыз неконференциясына шақырады

"Террикон алқабы" ІТ-хабы 25 тамызда айтишниктер мен Digital-мамандар үшін кезекті неконференция өткізеді. Бизнес және даму саласындағы маңызды тақырыптарды талдап, тыңдаушылардың сұрақтарына жауап беретін алты сарапшы шақырылды.

Aviata.kz-тегі QA engineer тестілеуді автоматтандыру туралы Александр Соколов айтып береді.

Kcell-дегі ВackЕnd Тeam-Lead Арнур Нұров "Сіздің Enterprise-қосымшаңыздың сауатты архитектурасы" тақырыбын таныстырады.

Icore-Consulting-те қаржыны басқару саласындағы корпоративтік консалтинг бағытының басшысы Александра Палагина бизнесті жоспарлау құралы ретінде Қаржы моделі туралы әңгімелейді.

Freedom Telecom компаниясының Стратегия және инновациялар жөніндегі директоры Кемел Айтжанов корпорациялардың стартаптармен қалай жұмыс істей алатынын түсіндіреді.

Geometry.kz IТ-компаниясының маркетинг жөніндегі директоры Болат Қисамбаев "Маркетингтік стратегияны жасау үшін майнд-карталарды қалай дұрыс пайдалану керек" тақырыбын ашады.

"Компаниядағы маркетинг тиімділігінің негізі ретінде деректерді талдау" дәрісін "Додо Пицца" компаниясының маркетолог-талдаушысы Анастасия Голощук дайындады.

Басталуы 18:30.

Қатысушыларды тіркеу сайтта өтеді: terricon.kz.

"Террикон алқабы" ІТ-хабының мекенжайы: Алалыкин көшесі, 12.

Іс-шара Қарағанды облысының ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және мұрағаттар басқармасының қолдауымен өткізіледі.