Қазақстанда 1441 көше мен 99 мектепке Абай есімі берілген

Қазақстанда 1441 көше мен 99 мектепке Абай есімі берілген

Жергілікті әкімдіктердің ақпаратына сәйкес өңірлерде Абай есімімен аталатын 1441 көше, 12 даңғыл, 99 мектеп, 4 колледж және 1 театр бар.

 Былтыр Президент Жарлығымен Абай облысы құрылып, әкімшілік орталығы болып Семей қаласы белгіленді. Одан бөлек Қазақстанда 1 қала, 3 аудан және 28 елді мекенге ұлы ақынның есімі берілген.

– Қазақстанда Абай Құнанбайұлына 30-дан астам ескерткіш орнатылған. Сондай-ақ әлемнің 18 мемлекетінде ұлы тұлғаға арналған монументалды өнер кешені бар. Атап айтқанда, Ташкент, Мәскеу, Бішкек қалаларында Абайдың ескерткіші болса, Ренн, Бейжің, Каир, Будапешт, Тегеран, Стамбул, Нью-Дели, Женева, Париж, Сараево, Тбилиси, Берлин, Сеул, Харьков және Баку қалаларында бюсті қойылған, – деді Мәдениет және спорт вице-министрі Арман Жүдебаев.

ҚР мәдениет және спорт министрлігінің ақпараты бойынша