
Балқашта су құбыры желілерін ауқымды реконструкциялау жалғасуда. Олардың тозуы 85%-дан асады. Үш жыл ішінде 124 км құбыр ауыстырылады және бұл көпжылдық су мәселесін шешуі тиіс.

Ермағанбет Бөлекпаев жұмыс сапарымен Балқашқа барды.

Ол бірқатар әлеуметтік маңызы бар нысандарды аралап, ТКШ саласындағы жобалардың іске асырылуымен танысты.

– Біз өткен жылы шамамен 9 км желі салдық. Биыл шамамен 30 км ауыстырылады. Материалдар заманауи – әртүрлі диаметрлі пластикалық құбырлар пайдаланылады. Бұл жобадағы қазақстандық өнімдер үлесі 100%. Бірінші кезекте жұмыстар келесі жылы жолдары жөнделіп, абаттандыру басталатын көшелерде аяқталады, – деді Балқаш ТКШ бөлімінің абаттандыру және коммуналдық шаруашылық секторының меңгерушісі Жанәли Шпекбаев. – Бірінші кезектегі көшелердің бірі – Қазбекова, келесі жылы асфальт төсеу басталады.

Балқашта жолдарды орташа жөндеу 12 көшеде өтеді. Келесі жылы шамамен сегіз көшені қамту жоспарлануда.

Тротуарларды жайластыру, жиектерді орнату және асфальттау инженерлік желілерді толық ауыстырғаннан кейін жүргізіледі.

Сондай-ақ, биыл қалада 18 аула абаттандырылады. Олар заманауи балалар ойын алаңдарымен, футбол алаңдарымен, тренажерлармен жабдықталады, жарықтандыру жүргізіледі.

Осы жылдар ішінде алғаш рет Балқашта жалпы сәулеттік келбет жаңарады. Қалада 30 көпқабатты үйдің шатырлары мен қасбеттерін жөндеу жұмыстары басталды. "Қоңырат" шағын ауданында 10 үйдің шатыры жаңартылады.

Балқаштағы жылумен жабдықтаудың ең осал учаскесі – Абуғалиев көшесіндегі магистральдық жылу желісі. Құбырлардың қатты тозуына байланысты бұл жерде апат жиі орын алып тұрады. Мәселені шешу үшін учаскеде 30 метр құбыр ауыстырылды, компенсаторды бөлшектеу, жөндеу және кері монтаждау жүргізілді.

Балқаш жағалауы да абаттандырылуда. Жоба аллеяларды, тротуарларды абаттандыруды көздейді. Балалар ойын және спорт алаңдары, велосипед жолы пайда болады.

Жағажайда шағын архитектуралық формалар, күркелер, орындықтар, әткеншектер, мүсіндер, спорттық жабдықтар, көше тренажерлары, балалар ойын кешендері, велосипед тұрақтары мен урналар орнатылады.
Ермағанбет Бөлекпаев МЖӘ бойынша ашылған № 2 жаңа емханада болды. Бүгінгі таңда медициналық мекеме 19 мыңнан астам ересектер мен балаларға қызмет көрсетеді. Онда жүріп-тұруы қиын пациенттер үшін қолайлы жағдайлар жасалған, күндізгі стационар бар, жедел жәрдем және әлеуметтік дәріханалар жұмысы бір жүйеге келтірілген.

Облысен әкімінің іс-сапары Шашубай кентіне барумен аяқталды. Өңір басшысы кезекте тұрғандар үшін 96 пәтерге арналған қазандықты және тұрғын үйді қалпына келтіруді қарап, абаттандыру барысымен танысты.
