"Балқаш Tourfest – 2023": Қарағанды облысының тұрғындарын турфестивальге шақырады

"Балқаш Tourfest – 2023": Қарағанды облысының тұрғындарын турфестивальге шақырады

Алғаш рет Балқаш көлінің жағажайында, Ақшағыл (рембаза) кентінің ауданында "Балқаш Tourfest – 2023" фестивалі өтеді.

"Балқаш Tourfest – 2023" – әркім өз қалауы бойынша ермек тауып, пікірлестерін таба алатын алаң. Демалушыларды йога және зумба нұсқаушыларының таңертеңгілік жаттығулары, конкурстар, тимбилдингтер, жағажай спорты, кешкі алау маңында әндер, үздік музыканттар, креативті жүргізушілер, диджейлер, бардтар, заманауи көше би топтары күтеді.

Фестивальдің хедлайнері – танымал қазақстандық орындаушы Kalifarniya.

Балалар үшін жеке ойын-сауық бағдарламасы дайындалады.

Фестивальде алкогольдік сусындарға тыйым салынады!

Қалаған адам өз шатыршаларын алып келуіне болады.

Сондай-ақ, фестиваль аясында "Жасыл ел" жастар еңбек жасақтарының жауынгерлері аумақты жинау бойынша экологиялық акцияға, спартакиадаларға, конкурстарға, викториналарға және т.б. қатысады, іс-шараға Балқаш, Приозерск, Ақтоғай және Шет аудандарының жастары қатысады – 100-ге жуық адам.

Өткізу күні – 2023 жылғы 11–12 тамыз (10:00-ден 23:00-ге дейін).

Фестиваль ұйымдастырушылары – Қарағанды облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы және облыстық бос уақыт және халық шығармашылығы ғылыми-әдістемелік орталығы.

Анықтама телефоны: 8-705-901-48-16, 8-705-317-53-03.

Балқаш курорттық аймағы – туризмнің өңірлік дамуының негізгі өсу нүктелерінің бірі. Ол республикалық туристификация картасының топ-10 объектісіне енгізілген.