
Қарағанды облысының ауыр атлеті Дарья Балабаюк Қазақстан Республикасының VI жазғы спартакиадасында ел рекордын орнатты.

Спортшы 17 жасқа дейінгі жас санатында 98 келі көтеріп, үздік атанды.

Жарыс 23–29 маусым аралығында Алматы қаласында өтті. Қарағанды облысының спортшылары үздік нәтижелер көрсетті. Қыздар тобы бірінші командалық орынды, ал жігіттер екінші орын иеленді. Жарыс қорытындысы бойынша олар бес алтын және бір күміс медаль жеңіп алды.

Бүгінгі таңда спортшылардың Қазақстанның VI жазғы спартакиадасында 21спорт түрінен өнер көрсетуінің нәтижелері бойынша Қарағанды облысы жалпы командалық есепте 38 алтын, 29 күміс және 27 қола жүлдеге ие болып, үшінші орын иеленді. Екінші орында – Шымкент қаласы.

Спорттың 27 түрінен кіл мықтылар анықталады. Соңғы болып өз мүмкіндіктерін қараша айында былғары қолғап шеберлері көрсетеді.
Төрт жылда бір рет өтетін Спартакиада ақпан айында басталады. 17 облыстан және Республикалық маңызы бар үш қаладан спортшылар жиналып, өзара бақ сынасады. Спартакиаданың басты мақсаты – спорттың даму деңгейі және биылғы шешуші халықаралық жарыстарға дайындық бойынша өңірлерді анықтау болып табылады. Атап айтқанда, жекелеген түрдегі спортшылар Ханчжоудағы Жазғы Азия ойындарына жолдама алады. Ал ең басты мақсат – Париж-2024 Олимпиадасы.

Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы