Қарағандылық оқушысы математикадан халықаралық Балқан Олимпиадасында үшінші болды

Қарағандылық оқушысы математикадан халықаралық Балқан Олимпиадасында үшінші болды

Қарағандылық Жанарыс Теңдіков, № 1 "Білім-Инновация" лицей-интернатының 9-сынып түлегі, математикадан халықаралық Балқан Олимпиадасында үшінші орын алды. Тиран қаласында (Албания) Ұлттық құрама командасын биылғы республикалық олимпиаданың алты қазақстандық жеңімпаздары мен жүлдегерлері ұсынды. Барлығы әлемнің 20 елінен 126 жас математик жарысқа түсті.

Халықаралық Балқан олимпиадасы (JBMO) – Балқан түбегі елдеріндегі білім алушыларға арналған математикалық байқау. Қазақстан оған қонақ ел ретінде қатысты, өйткені ол географиялық жағынан Оңтүстік-Шығыс Еуропаға жатпайды.

Қарағанды № 1 "Білім-Инновация" лицей-интернатының оқушысы Жанарыс Теңдіков беделді зияткерлік жарыстардың қола жүлдегері атанды.

– Бұл менің халықаралық олимпиадаға алғаш рет қатысуым. Ол жоғары деңгейде өтті. Жарысқа математика пәнінің мұғалімі Қабылқайыр Қайролланың жетекшілігімен екі айға жуық уақыт дайындалдым. Математикамен айналысуға жақсы тәжірибе алдым, әрі жігерлене түстім, – деп бөлісті Жанарыс Теңдіков.