С. Сейфуллин атындағы Қарағанды академиялық қазақ драма театрында 29 және 30 маусымда сағат 18:30-да осы маусымның соңғы премьерасы "Қош, махаббат" спектаклін ұсынады.
Пьесаның авторы – Мұқағали Мақатаев. Режиссері – Айдын Салбанов.
"Кош, махаббат" қызғаныш пен алалаушылыққа қарсы тұра алмаған махаббат туралы. Басты кейіпкерлердің – Бағдат пен Банудың қарым-қатынасы бәрінің қызығушылығын тудырады. Жігіт – болашақ композитор, бойжеткен – мұғалім. Спектакль сізді шынайы махаббат өтірік пен алдауға сәйкес келмейді деп ойлауға мәжбүр етеді.
Спектакльде Мұқағали Мақатаевтың танымал өлеңдеріне жазылған әндер шырқалады.
Билеттерді театр кассасынан немесе ticketon.kz сайтынан сатып алуға болады.
Анықтама телефоны: 8-747-650-37-38.