Шет ауданы Ж. Ақылбаев атындағы мектеп-гимназиясының тоғызыншы сынып оқушысы Нұрасыл Шәкір okoo.kz платформасындағы BeginIT әлеуметтік-білім беру жобасының топ-10 оқушылар тізіміне кірді.
Үздік он оқушы еліміздің 17 өңірінен 300 жас айти бағытындағы оқушылардан таңдалды.
– BeginIT әлеуметтік-білім беру жобасы туралы информатика пәнінің мұғалімі және менің ғылыми жетекшім Маржан Жұмағұловадан білдім. Ол бізге InDrive компаниясы балалар үйлерінің, интернаттардың және ауылдық мектептердің талантты тәрбиеленушілерін онлайн-платформада жаңа IT-технологияларға үйрететінін айтты. Мені бағдарламалау қызықтырады, сондықтан мен жобаға қатысуды шештім. IT саласында QA-инженер-тестер болуды армандаймын, – деді Нұрасыл Шәкір.
Нұрасыл елордада өткен Game Fest BeginIT ІТ-фестиваліне қатысып, No code school бағдарламасының жеңімпазы атанды және 28-30 тамызда Астанада өтетін BeginIT Summer Fest-ке шақырылды.
– Astanahub-та GameDev индустриясы және "Мета ғалам мамандықтары" курстарынан өттім. Іріктеуден өтіп, No Code School бағдарламасы бойынша оқыдым. Маған жобаны дайындау үшін тақырыптар берілді. Мен жабдықтар дүкенінің веб-сайтын құрдым және жобаны сәтті қорғадым. Осылайша Мен BeginIT жобасының үздік ондығына кірдім. Қазір жазғы фестивальге дайындалып жатырмын, мобильді қосымша әзірлеп жатырмын. Егер жоба жұмыс істесе, біз оны плэймаркетке шығарамыз. Сондай-ақ, бағдарламалау тілін оқыту үшін сайт құрғым келеді, – деді Нұрасыл Шәкір.
2021 жылдан бастап Қарағанды облысының білім басқармасы InDrive компаниясымен бірлесіп өңірдің тоғыз білім беру ұйымында BeginIT жобасын іске асырды. Бағдарламалауды және басқа да цифрлық дағдыларды дербес асинхронды оқыту үшін халықаралық және қазақстандық білім беру платформаларына қол жеткізуге 210 лицензия берілді. Қазақстандық компаниялардың кәсіби мамандарын трекер ретінде тарта отырып, цифрлық дағдылар бойынша екі қысқа мерзімді білім беру бағдарламасы – No code school және Digital design ұйымдастырылды.