Қарағандылық кинолог-құтқарушы Жыл патриоты деп танылды

Қарағандылық кинолог-құтқарушы Жыл патриоты деп танылды

Еліміздің түкпір-түкпірінен келген он екі қазақстандық азамат түрлі салалардағы жетістіктері үшін "Жыл патриоты" атағына ие болды. Жеңімпаздардың бірі қарағандылық Александр Адамбаев – облыстық ТЖД Өрт сөндіру қызметінің Жедел-құтқару жасағының кинологы. Марапаттау Астанада ҚР Мәдениет және спорт министрлігі ұйымдастырған Қазақстан патриоттарының республикалық форумы кезінде өтті.

Александр Адамбаев Гринпис есімді үй жануарымен бірге жойқын жер сілкінісінен кейін Түркияның Нұрдағы қаласында іздеу-құтқару жұмыстарына қатысты. Олар бірнеше адамның өмірін өлімнен арашалап қалуға көмектесті.

Александр құтқарушы болып жұмыс істеп келе жатқанына алты жыл болды. Гринпис есімді бордер-колли құтқарушы ретінде күшік кезінен бастап қызмет етіп келеді.

 - Адамдарды құтқару ерлік емес. Бұл біздің жұмысымыз, ол үшін біздің алатын ең үлкен марапатымыз – халықтың алғысы, - дейді Александр Адамбаев.

ҚР Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов форумға қатысушыларды құттықтап, Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан құттықтау хатын оқыды.

 Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметінің ақпараты бойынша