Ашық аспан астындағы театр: қарағандылықтарды музыкалық кештерге шақырады

Ашық аспан астындағы театр: қарағандылықтарды музыкалық кештерге шақырады

Қарағандыда "Ашық аспан астындағы театр" жобасы басталады. Орталық саябақтың сахнасында жергілікті кәсіби ұжымдардың әртістері мен музыканттары өнер көрсетеді.

Бірінші болып С. Сейфуллин атындағы облыстық академиялық қазақ драма театры өз қойылымын ұсынады. Өнер сүйер қауымды 10 маусымда "Көңілді кеш" музыкалық-поэтикалық кешіне шақырады. Симфониялық оркестрдің сүйемелдеуімен театр әртістері Дина Заитова, Серік Сұлтанұлы, Айдара Нұрмағанбетова және Әнел Сағындықова өнер көрсетеді.

Басталуы сағат 19.00-де.

11 маусымда саябақ сахнасында әйгілі оперетталар мен мюзикл туындылары қойылады. Музыкалық комедия театрының жетекші солистері: Елена Филинкова, Анна Беспалова, Даниил Белов, Юрий Чапаев, балет және хор әртістері өнер көрсетеді.

Басталуы сағат 19.00-де.