Қарағандыда мемлекеттік қызметшілер тұрғындарға кеңес беру үшін қаланың орталық саябағына шығады. Таза ауадағы бекеттерде жұмысқа орналасу, денсаулық сақтау, білім беру, спорт қызметтері және басқа да әлеуметтік мәселелер бойынша ақпарат алуға болады.
Акция 9 маусымда сағат 17.00-де стационарлық сахна жанында өтеді. Қарағанды әкімдігінің ақпараты бойынша, қала әкімінің орынбасары Ләззат Ақылжанова мен мемлекеттік мекемелердің өкілдері кеңес береді.