Жастарды Абай оқуларына қатысуға шақырады

Жастарды Абай оқуларына қатысуға шақырады

Ж. Бектұров атындағы Қарағанды облыстық жасөспірімдер кітапханасы "Абай мұрасы – халық қазынасы" облыстық байқауын өткізеді. ХVІІ Абай оқуларына 15 жастан 21 жасқа дейінгі жастар қатысуға шақырылады.

Байқау екі номинация бойынша өткізіледі: "Абай - ұлы ақын "(ақынға арнау) және "Абайдың "Қара сөздері" (бір қара сөзге арналған бейнеролик).

Номинациялардың тек біреуіне ғана қатысуға рұқсат берілген.

Өтінімдер 2023 жылғы 10 қыркүйекке дейін мына электрондық мекенжай бойынша қабылданады: karaganda_oub@mail.ru.

Конкурс туралы ереже сайтта жарияланған: uniorlib.kz.

Жеңімпаздарды марапаттау 21 қыркүйек күні сағат 12:00-де С.Сейфуллин атындағы Қарағанды облыстық қазақ драма театрында өтеді.

Байланыс телефондары: (8-7212) 43-07-04, 43-06-50, +7-700-393-64-40 (Жанар Жұмашқызы Картабаева).