Ойындар, викториналар, байқаулар: Қарағанды кітапханасы "Жазғы оқу-қалаға" шақырады

Ойындар, викториналар, байқаулар: Қарағанды кітапханасы "Жазғы оқу-қалаға" шақырады

Н. В. Гоголь атындағы Қарағанды облыстық кітапханасы 5 маусымда дәстүрлі "Жазғы оқу-қала" және "Кітапханадағы жаз" жобасын ашуға шақырады. Бұл күні көптеген танымдық және қызықты іс-шаралар жоспарланған.

Кітапхана қызметкерлері кез келген талғамға сай шығармашылық алаңдар дайындады:

- "Жазғы оқу қызықты оқиғаға шақырады": шеберлік сабақтары, ойындар және зейін жаттығулары;

- "ІТландия": ақпараттық технологиялар әлемінің жас зерттеушілері үшін қызықты алаң, ойындар мен спортты денсаулық әлеміне шомумен ұштастыру;

- "Дамы! Ойна! Жаса! Арманда!": танымдық және интеллектуалды ойындар;

- "Кітап патшалығы": балаларға арналған жаңа кітаптармен таныстыру, "Шебер қолдар" шеберханасы;

- "Көңілді арал": сурет байқауы, дидактикалық және аула ойындары;

- "Балдәурен": ұлттық ойындар, арт-сағаттар және асық-party;

- "Полиглот": тілдерді ойын түрінде үйрену.

Кіру тегін.

Басталуы сағат 11.00-де.

Акция кітапхананың орталық кіреберісінде Ерубаев көшесі, 44 мекенжайы бойынша өтеді.