Қарағандылықтарды композитор Жоламан Тұрсынбаевтың концертіне шақырады

Қарағандылықтарды композитор Жоламан Тұрсынбаевтың концертіне шақырады

Қарағандыда "Шалқыма" концерт залында 2 маусым күні сағат 18:30-да ҚР еңбек сіңірген қайраткері, "Құрмет" және "Парасат" ордендерінің иегері, Жамбыл атындағы Халықаралық сыйлықтың лауреаты, композитор Жоламан Тұрсынбаевтың "Айбынды алаш – ұраным" концерті өтеді.

Музыкалық кеште Тәттімбет атындағы Қазақ халық аспаптарының академиялық оркестрі, "Құрмет" орденінің иегері Сержан Мұсайын, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, "Құрмет" орденінің иегері профессор Жанат Шыбықбаев, "Дарын" мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты Алтынбек Әбілда, "Мәдениет саласының үздігі" Меруеш Башай, сондай-ақ халықаралық және республикалық байқаулардың лауреаттары Талғат Аллаберінов, Салтанат Мұратбекова мен Меруерт Кәкімхан өнер көрсетеді.

Дирижерлер – "100 жаңа есім" жобасының жеңімпазы Ерлан Бақтыгерей және ҚР еңбек сіңірген қайраткері, "Дарын" мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты, профессор Дәурен Ғылымов.

Концертте "Киік қырғын", "Сарыарқа сайран жерім-ай", "Қызқарағай", "Батыр бабам Бауыржан", "Атабейне", "Айбынды Алаш – ұраным" және т. б. шығармалар орындалады. 

Анықтама телефондары: 41-13-14, 41-22-30.