Осакаров ауданының ерікті өрт сөндіру жасақтарына жауынгерлік киім мен жаңа техниканы берілді

Осакаров ауданының ерікті өрт сөндіру жасақтарына жауынгерлік киім мен жаңа техниканы берілді

Осакаров ауданының ерікті өрт сөндіру жасақтарына "Ермак" өрт модульдері мен жауынгерлік киім берілді. Родниковское, Трудовое, Сарыөзек және Садовое ауылдарының өрт сөндірушілері жаңа жабдықтар алды.

Салтанатты шара Осакаровка кентінің 17-ші өрт сөндіру бөлімінде өтті. Аудан әкімі Руслан Нұрмұханбетов еріктілерге өрт қауіпті маусымды лайықты өткізуін тіледі.

– Жаңа жабдық жұмысты жеңілдетеді және оны қауіпсіз етеді деп үміттенеміз, – деді ол.

Өртті сөндірудің жаңа құралын еріктілер де бағалады.

– Енді, шөптің немесе қоқыстың жануын бастапқы сатысында алдын алуға болады және жақын маңдағы құрылыстар мен ғимараттарды қорғауға мүмкіндік туды, – деді Юрий Кригер.

Еріктілер үшін "Ермак" өрт модулін пайдалану бойынша сабақ өткізілді.

Осакаров ауданы әкімдігінің баспасөз қызметінің ақпараты бойынша