Бұқар Жырау ауданында тоғыз елді мекеннің жолдары жөнделеді

Бұқар Жырау ауданында тоғыз елді мекеннің жолдары жөнделеді

Бұқар Жырау ауданында тоғыз елді мекеннің кентішілік автомобиль жолдары жөнделеді. Жұмыстар "Ауыл – Ел бесігі" жобасы аясында басталды.

Жалпы, Бұқар Жырау ауданында 67,2 шақырым жол орташа жөндеумен қамтылады. Бұл Үміткер, Гагаринское, Ботақара, Шешенқара, Керней, Тоғызқұдық, Ростовка және Ғабиден Мұстафин ауылдарының кентішілік жолдары, сондай-ақ Нұра станциясы.

"Үміткер ауылында 2,5 шақырым жолға орташа жөндеу жұмыстары аяқталды. Гагаринскийде жұмыс жүріп жатыр. Онда 4,3 км жөнделеді. Мердігерлік компания анықталды, – деді Бұқар Жырау ауданының коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінде. –  Ғ. Мұстафин кентінде орташа жөндеумен 8,5 км қамтылады. Мердігер компаниямен келісім жасалды".

Ростовка ауылында сегіз көшені асфальттау жоспарлануда. Жөнделетін учаскенің ұзындығы – 9,9 км. Сондай-ақ, елді мекенге кірме жол жөнделеді. Мердігер компаниялардың жұмысын жергілікті атқарушы органдар да, жұртшылық та бақылайды.

– Жұмыс белсенді жүріп жатыр. Бұл орташа жөндеу. Қазірдің өзінде жұмыстар 60 пайызға аяқталды. Мердігер компаниялар жергілікті тұрғындарды жұмысқа алды, сондықтан барлығы сапалы жөндеуге қызығушылық танытады. Сонымен қатар, аудан басшылығы тарапынан қатаң бақылау жүргізілуде, – деп атап өтті Ростов ауылдық округінің әкімі Төлеген Ргебаев.

Бұқар Жырау ауданындағы автожолдардың жалпы ұзындығы 1546,2 км. Барлық жөндеу жұмыстары аяқталғаннан кейін кентішілік жолдардың техникалық жағдайы айтарлықтай жақсарады.