Қарағандыдағы Қаздрамтеатр жанынан қуыршақ театры ашылады

Қарағандыдағы Қаздрамтеатр жанынан қуыршақ театры ашылады

С. Сейфуллин атындағы Қарағанды облыстық академиялық қазақ драма театры жанынан 1 маусымда қуыршақ театры ашылады. Кішкентай көрермендерді "Кішкентай құтан мен Қарақшы" ертегісінің премьерасына шақырады.

"Халықаралық балаларды қорғау күні, 1 маусымда біздің театрда қуыршақ театры ашылады.  Біз бір жыл бұрын кішкентай көрермендерге қуыршақ ертегілері мен қойылымдарын қоя бастадық. Жыл бойы кішкентай көрермендерге "Қуыршақтар оянғанда", "Күнделік", "Мұзды өлке" қойылымдары ұсынылып, театр репертуарында болған балалар спектакльдері көрсетілді", – деді Қаздрамтеатрда.

Балаларды қорғау күні кішкентай көрермендерге "Кішкентай құтан мен Қарақшы" қуыршақ ертегісінің премьерасы ұсынылады. Басталуы сағат 15.00-де.

Ал сағат 16:30-да балалар "Қуыршақ-думан" ертегісін тамашалай алады.

Билеттер театр кассаларында және ticketon.kz сайтында.

Анықтама телефоны: 8-701-911-76-76.