Жастарды Қазақстанның Халық жазушысы Тахауи Ахтановты еске алу байқауына қатысуға шақырады

Жастарды Қазақстанның Халық жазушысы Тахауи Ахтановты еске алу байқауына қатысуға шақырады

Ж. Бектұров атындағы Қарағанды облыстық жасөспірімдер кітапханасы "Таланттың қырлары" республикалық интернет-байқауын өткізеді. Ол Қазақстанның Халық жазушысы Тахауи Ахтановтың 100 жылдығына арналған.

Байқауға 17 жастан 24 жасқа дейінгі қазақстандықтар қатыса алады.

Конкурс екі номинация бойынша екі тілде (қазақ және орыс)өткізіледі:

– "Мен Тахауи Ахтановты оқимын" – шығармадан үзіндіні көркем оқу;

– "Актерлік шеберлік" – Тахауи Ахтанов шығармаларындағы кейіпкерлердің бірінің монологын театрландырылған түрде орындау.

Шарт бойынша номинациялардың тек біріне ғана қатысуға болады.

Өтінімдер 2 қазанға дейін келесі электрондық мекенжай бойынша қабылданады: karaganda_oub@mail.ru.

Финал және қорытынды – ZOOM платформасында 13 қазанда өтеді.

Байқау ережесі сайтта жарияланған: http://uniorlib.kz/ru.

Байланыс телефондары: (8-7212) 43-07-04, 43-06-50, +7-700-393-64-40 (Жанара Жұмашқызы Картабаева).