Құтқарушы сүңгуірлер Қарағанды облысындағы шомылу орындарын тексереді

Құтқарушы сүңгуірлер Қарағанды облысындағы шомылу орындарын тексереді

Қарағанды облысы ТЖД құтқарушы сүңгуірлері алдағы шомылу маусымына дайындықты бастады. Қауіпсіз жазғы демалысты қамтамасыз ету үшін олар өзендер мен су қоймаларының түбін зерттеп, тазартады.

Сүңгуірлердің басты міндеті – су басқан заттарды, темірбетон қоқыстарын, ағаш конструкцияларды, бөтелкелерді, балық аулау құралдарын, тастарды және басқа да қоқыстарды судан алып шығу.

– Тұрғындардың қауіпсіз демалуын және шомылуын қамтамасыз ету үшін ТЖД құтқарушылары шомылуға және демалуға бөлінген жағажайлар акваторияларының учаскелерін тексеру мен тазалауды бастады. Тексеру шомылуға арналған қауіпсіздік талаптарына сәйкес жүргізіледі, – деп атап өтті ТЖД жедел-құтқару жасағының сүңгуірлік бөлімшесінің басшысы Владимир Гаврильков.

Су қойманың түбін тазарту тек шомылуға рұқсат етілген жерлерде болады. Тазалаудан кейін бұл учаскелер сүңгуірлік тексеру актісін алады.

Сондай-ақ, ТЖД жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп коммуналдық жағажайларда су айдындарында қауіпсіздік ережелерін сақтау туралы ақпараты бар стендтер мен шомылуға арналмаған орындарда тыйым салу белгілерін орнатады.

Қарағанды облысының аумағында барлығы 76 рұқсат етілген және 240 шомылуға тыйым салынған орын бар.

Облыс су айдындарында халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін шомылу маусымында ТЖД құтқару бөлімшелері дайындыққа келтірілді.

Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметінің ақпараты бойынша