Балқаш медициналық колледжіне заманауи компьютерлік сынып сыйға тартылды

Балқаш медициналық колледжіне заманауи компьютерлік сынып сыйға тартылды

70 жылдық мерейтойына орай Балқаш медициналық колледжіне заманауи компьютерлік сынып берілді. Жаңа кабинеттің ашылуына "Қоңырат" корпоративтік қоры демеушілік жасады.

Балқаш медициналық колледжі 26 мамырда өзінің 70 жылдығын атап өтеді. Алғашқылардың бірі болып колледжді мерейтойымен "Қоңырат" корпоративтік қоры құттықтады. Ол оқу орнына 20 компьютер, үш LED экран, 25 үстел және орындық сыйлады.

– Біздің колледж жеті мамандық бойынша мамандар дайындайды. Бейіндік пәндермен қатар студенттер графика және дизайн және 3D модельдеу сияқты пәндерді оқиды. Олар КМАЖ жүйесінде жұмыс істей білуі, электрондық жеке істерді толтыруы және компьютерлердің озық пайдаланушылары болуы тиіс, – деп атап өтті колледж директоры Азамат Құсанов. – Бұрын бізде бір ғана компьютерлік сынып болған. Қолданыстағы компьютерлер графика мен дизайнға арналған арнайы бағдарламаларға шамасы жетпейді. Енді міне, бізде заманауи техника бар. Оның артықшылығы – үлкен жедел жады және қуатты графикалық карталар.

Колледж уақыт өте келе барлық компьютерлерді толығымен жаңартуды, ғимаратты күрделі жөндеуді және кеңейтуді жоспарлап отыр. Қазір оқу орнында 700-ден астам студент оқиды.