Тәттімбет атындағы Қарағанды қазақ халық аспаптар оркестрі маусымның жабылуына шақырады

Тәттімбет атындағы Қарағанды қазақ халық аспаптар оркестрі маусымның жабылуына шақырады

25 мамыр күні сағат 18:30-да "Шалқыма" концерт залында Тәттімбет атындағы Қазақ халық аспаптар академиялық оркестрінің ХХХV концерттік маусымы жабылады.

Кеш қонағы – "Дарын" мемлекеттік жастар сыйлығының, халықаралық және бүкілресейлік байқаулардың лауреаты, опера әншісі, баритон, "Астана Опера" театрының солисі Алтынбек Әбілда. Ол Австрия, Словакия, Венгрия, Түркия және Ресей сахналарында ән шырқаған.

Көркемдік жетекшісі – ҚР еңбек сіңірген қайраткері Әбдуғалисын Шоқанбаев.

Бас дирижер – "100 жаңа есім" жобасының жеңімпазы Ерлан Бақтыгерей.

Дирижер – халықаралық байқаулардың лауреаты Әбілқайыр Сағымбаев.

Билеттерді "Шалқыма" к/з кассаларынан және ticketon.kz сайтынан сатып алуға болады.

Анықтама телефондары: 41-13-14, 41-22-30.