Қарағандыда Super bol! спорттық жобасына кастинг өтеді

Қарағандыда Super bol! спорттық жобасына кастинг өтеді

Қазақстанда Super bol! спорттық жобасы басталады. Еліміздің 14 қаласында оған кастинг ұйымдастырылады, оның ішінде Қарағандыда да өтеді.

Бұл жас футболшылар үшін өз армандарын жүзеге асыруға және кәсіпқой болуға тамаша мүмкіндік. Қатысушылардың жасы 16-дан 24 жасқа дейін.

– Өткен жылы бірінші маусым өтті, ол сәтті жүзеге асты, - деп атап өтті жобаның бас менеджері Давид Лория. – Биыл біз 14 қалада кастинг өткіземіз, финалистерді даярлауға кәсіби тұрғыдан қараймыз. Біз оларды сегіз апта бойы жаттықтырамыз. Соңғы нүкте өздерінен кем түспейтін өршіл командамен ойнау болады.

Жобаның ерекшелігі – отандық және шетелдік футбол клубтардың скауттарын финалдық матчқа шақыру.

Өткен жылы алты мыңнан астам адам іріктеу комиссиясынан өтті, Биыл Давид Лорияның пікірінше, бұл көрсеткіш екі есе көп болады деп күтілуде. Көптеген адамдар үшін былтырғы жоба спортқа жолдама болды. Тоғыз футболшы кәсіби клубтармен келісімшартқа отырды, көптеген балалар ұлттық құрама базасында жаттығып, бірегей кәсіби тәжірибе алды.

Super bol! жобасы QazSport телеарнасының эфирінде, QazSport және Super Bol YouTube-арналарында, бас әлеуметтік желілердің медиа алаңдарында жарияланады.

Қарағандыда кастинг 25 мамырда "Шахтер" стадионының қосалқы алаңында өтеді. Сайтта тіркеле аласыз: https://www.superbol.kz.

Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы