
Қарағандылық спорт ардагерлері дзюдодан Азия шебер ойындарында үш алтын және екі күміс жеңіп алды. Беделді халықаралық біріншілік Оңтүстік Кореяда өтті.

Алтын жүлдемен Болат Аманбаев (81 кг), Қанат Сағындық (90 кг) және Евгений Кондратьев (100 кг) елге оралды. Дидар Ахмеджанов пен Дәурен Қожин күміс медаль иеленді.

– Жарыстар жоғары ұйымдастырушылық деңгейде өтті, – деп атап өтті Қарағанды облыстық дзюдо федерациясының вице-президенті және Азия шебер ойындарының жеңімпазы Евгений Кондратьев. – "Ардагерлер" жас санатында континенттің ең мықты дзюдошылары өнер көрсетті. Дода қызу өтті. Әркім өзінің ең жақсы қасиеттерін көрсетуге тырысты. Біз Қазақстанды лайықты түрде таныстыра алғанымызға өте қуаныштымыз.



Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы