Теміртауда қала шетінде жарықтандыру тіректері орнатылады

Теміртауда қала шетінде жарықтандыру тіректері орнатылады

Теміртауда "Отрадное" шағын ауданының тұрғындары үш жылдан астам уақыт бойы орталық электр қуатынсыз өмір сүріп, үйлерін генераторлардың көмегімен жарықтандырған. Жуырда оларға жарықтандыру тіректері орнатылды.

– Біз бес жыл бұрын "Отрадный" шетінде жер телімдерін алдық. Екі жыл бойы тұрғын үй салынды, бұл жерде коммуникация жоқ екенін білдік, – дейді шағын аудан тұрғыны Нағимаш Айынова. – Бірақ біз учаскелерді игеруіміз керек еді. Барлық жергілікті тұрғындар үйлері салынғаннан кейін мұнда электр желілері тартылады деп үміттенді. Бірақ бұл оңай болмайтыны анықталды. Жақында көршілеріммен бірге қала әкімінің қабылдауында болдық. Ол бізді тыңдап, көмектесуге уәде берді. Небәрі 10 күннен кейін бізде 13 жарықтандыру тірегі орнатылды.

Оларды орнату бойынша барлық шығындарды қызмет беруші компания өз мойнына алды. Тұрғындарға тек өз үйлеріне электр қуатын қосу ғана қалды.

Сондай-ақ, биылғы жылы "Отрадный" шетіндегі тұрғындар үшін кабельдік интернет жүргізіліп, автобус бағыты ұзартылды.

Жақын арада шағын ауданда орталық жолды асфальттау жұмыстары басталады. Абаттандыру жұмыстары жалғасын табады.

Биылғы жылы Теміртауда көшелерді жарықтандырудың 250 тірегін орнату жоспарлануда, оның басым бөлігі – қаланың жеке секторында.