Жас ақындарды саяси қуғын сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне арналған мүшәйраға қатысуға шақырады

Жас ақындарды саяси қуғын сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне арналған мүшәйраға қатысуға шақырады

Қарағандыда саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай "Қасіретті Қарлаг" атты республикалық мүшәйра өтеді. Жас ақындарды поэтикалық жарысқа қатысуға шақырады.

Іс-шараны ұйымдастырушылар – Қазақстан Жазушылар одағының Қарағанды облыстық филиалы және Қарағанды қаласының әкімдігі.

"Қарлаг – қазақтардың ғана емес, әлемнің жартысының қасіреті. Байқауға 18 жастан 40 жасқа дейінгі жас ақындар қатыса алады. Әр қатысушы үш өлең жіберуі керек. Біріншісі – саяси қуғын-сүргін құрбандары, Карлаг трагедиясы туралы. Екіншісі "Алаш" қайраткерлеріне – Ә. Бөкейхан, Ә. Ермек және т. б., немесе 1932 жылғы ашаршылық тақырыбына арналуы тиіс. Үшіншісі – еркін тақырыпта", – деді ұйымдастырушылар.

Сондай-ақ, мүшәйра шарттары бойынша байқауға ұсынылған өлеңдерге бүркеншік атпен қол қойылуы керек. Жұмыстар Microsoft Word форматында электронды нұсқада қабылданады (қаріп 14, Times New Roman, жоларалық интервал Жинақтарда, мерзімді басылымдарда, сайттарда, әлеуметтік желілерде жарияланған, басқа конкурстарға ұсынылған және талаптарға сәйкес келмейтін жұмыстар қабылданбайды. Шығармаларға түсініктеме берілмейді және авторға қайтарылмайды.

Өтінімде қатысушының аты-жөні, туған жылы, жұмыс орны мен қызмет түрі, оқу орны мен курсы, тұрғылықты мекен-жайы мен электрондық поштасы, Телефондары (жұмыс, ұялы), өлеңдерінің атауы көрсетілуі керек, және қысқаша шығармашылық өмірбаяны мен жеке куәліктің сканерленген көшірмесі қоса берілуі керек.

Байқау екі кезеңнен тұрады:

1. Іріктеу кезеңінде қазылар алқасы барлық қабылданған жұмыстарды бағалайды және финалға қатысуға үміткерлерді анықтайды.

2. Іріктеу кезеңінен өткендер өз шығармаларын жатқа оқитын болады.

Байқау жеңімпаздары мен жүлдегерлері дипломдармен, алғыс хаттармен және сыйлықтармен марапатталады.

Өтінімдер мен жұмыстар 25 мамырға дейін электрондық пошта арқылы қабылданады: jazushy_o_qaragandy@mail.ru.

Конкурс туралы толығырақ 8-701-177-66-01 (Жанат Жаңғашұлы) және 8-778-641-97-27 (Асхат Қажытай) телефондары арқылы білуге болады.