Қарағандылық спортшы жүзуден Қазақстанның жаңа рекордын орнатты

Қарағандылық спортшы жүзуден Қазақстанның жаңа рекордын орнатты

А. Молдағұлова атындағы олимпиадалық резерв (Теміртау қ.) мектеп-интернат-колледжінің тәрбиеленушісі Ксения Игнатова өзінің жетістігін жақсартып, жүзуден Қазақстанның жаңа рекордын орнатты. Афиныдағы Acropolis swim оpen халықаралық турнирінде спортшы 2:12.91-де 200 метр қашықтықты еңсерді.

Осыдан бір ай бұрын қарағандылық жүзуші Қазақстан чемпионатында ел рекордын орнатып, 200 м қашықтықты арқасымен 02:14,17 нәтижесімен жүзіп өтті. Енді міне, Acropolis swim оpen халықаралық жарыстарында көрсеткіш жақсарды. Ксения Игнатова 200 метр қашықтықта күміс жеңіп алып, Қазақстанның жаңа рекордын орнатты – 2:12,91. Сонымен қатар, ол 200 м және 100 м қашықтықта кешенді жүзуде тағы екі қола алды.

Спортшыны Станислав Осинский мен Николай Цвиркунов жаттықтырады.

Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы