Қарағандылық пауэрлифтерлер Азия чемпионатының 25 медалін жеңіп алды

Қарағандылық пауэрлифтерлер Азия чемпионатының 25 медалін жеңіп алды

Қарағанды облысының кешенді спорт мектебінің жеті өкілі пауэрлифтингтен Азия чемпионатында үздік нәтижелер көрсетті. Қарағандылықтар барлық түрлер бойынша 13 алтын, алты күміс және қола медаль жеңіп алды.

Барлық жастағы пауэрлифтингтен Азия чемпионаты (жабдықпен) Керала штатында (Үндістан) өтті. Оған әлемдегі ең мықты спортшылар қатысты.

Қарағанды облысынан жеті пауэрлифтер барып, өнер көрсетті.

Данила Клейкин, Регина Гаас және Айбар Сапақов жеңімпаз атанды. Олар жаттығулардың барлық түрлерінде бірінші орынға ие болды – отыру, серпу және тарту.

Жалпы есепте Карина Тычкова күміс медаль жеңіп алды.

Антон Марченко мен Степан Дейнека чемпионаттың қола жүлдегерлері атанды.

Полина Онуфрак отыруда екінші орын алды.

Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының ақпараты бойынша