Ат жарысы, ұлттық ойындар мен концерт: Қарқаралы ауданында Аппаз ауылының 60 жылдығы өтті

Ат жарысы, ұлттық ойындар мен концерт: Қарқаралы ауданында Аппаз ауылының 60 жылдығы өтті

Қарқаралы ауданында Аппаз ауылының 60 жылдығы атап өтілді. Тұрғындар жаппай мереке, ат жарысы, ұлттық ойындар, концерт ұйымдастырды.

Мерекеге көрші ауылдардың тұрғындары ғана емес, Қарағанды мен еліміздің басқа облыстарынан келген қонақтар да жиналды. Олардың көпшілігі бір кездері Аппазда тұрған немесе демалысқа туыстарына келген. Әр қонақты мерейтойлық ауылмен бала кезінен қалған естеліктер байланыстырады.

Мерейтойға орай Аппазда 15 киіз үй орнатылды.

– Аппаз ауылы – Қайнарбұлақ ауылдық округінің орталығы. Мерейтойға орай тұрғындар спорттық жарыстар ұйымдастырды, – дейді Қайнарбұлақ ауылдық округінің әкімі Жоламан Тілемісов. – Арқан тартысқа 20 команда қатысты, қыздар мен ұлдар арасында 1 км және 10 км жарыстар болды. Қазақша күрес, ат жарыс. Барлық жеңімпаздар бағалы және ақшалай сыйлықтармен марапатталды. Демеушілер шаруа қожалықтарының басшылары мен тұрғындарың өздері болды.

Әртістердің қатысуымен өткен концерттік бағдарлама аппаздықтар мен ауыл қонақтарына тамаша әуенді кеш сыйлады.

1985 жылы жергілікті мектептің түлектері туған ауылына үлкен киіз үй сыйлады.

– Сонымен қатар түлектер оқу орнына жиһазды жаңартуға көмектеседі, – дейді Жоламан Тілемісов. – Мұның бәрі өскелең ұрпақ үшін үлкен үлгі. Өйткені, бұл нағыз патриотизмнің көрінісі. Біздің мектебіміз жақсы. Онда тегін үйірмелер бар. Балалар грек-рим күресімен, қазақша күреспен, домбырамен айналысады, актерлік шеберліктерін шыңдайды.

Аппаз ауылы аудан орталығынан 70 шақырым жерде орналасқан. Аппазда фельдшерлік-акушерлік пункт, орта мектеп және шағын орталық бар.

– Өткен жылы Аппазда біз балаларға арналған футбол алаңы мен спорт алаңын орнаттық.

. Биыл заманауи ойын алаңдары орнатыла бастады, – деп атап өтті ауылдық округ әкімі. – Биыл 42 жарықтандыру тірегін орнатуды жоспарлап отырмыз. Су құбыры желілерін қайта жаңарту жалғасуда. Биыл жоба жүзеге асырылады деп үміттенеміз. Сонымен қатар, дене шынықтыру-сауықтыру кешенін ашқымыз келеді. Бізде тексеруден өтетін екі қабатты ғимарат бар, егер техникалық сараптаманың оң жауабын алсақ, оны денешынықтыру-сауықтыру кешеніне айналдырамыз.

"Ауылым – алтын бесігім" жобасы аясында келесі жылы Аппазда 5 шақырым жолды жөндеу жоспарлануда.