Абай ауданында жылу желілері жөнделіп, оқшауланатын болады

Абай ауданында жылу желілері жөнделіп, оқшауланатын болады

Абай ауданында коммуналдық желілерді жөндеуге дайындық жүріп жатыр. Жылу желілері ауыстырылады және оқшауланады.

Топар ГРЭС-те келесі жылыту маусымына дайындық жүріп жатыр.

Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев Абай ауданына жұмыс сапары кезінде энергостанцияға барып қайтты. Өңір басшысына жылумен жабдықтауды жақсарту жұмыстары туралы баяндалды.

ГРЭС-те қуатты арттыру үшін үшінші турбинаны ауыстыру жалғасуда. Дайындық кезеңінде үш қазандық пен екі турбинаны күрделі жөндеу жоспарланған.

– Біз Абай жылу трассасын жөндейміз, магистральдың проблемалық учаскелерін ауыстырамыз. Сонымен қатар, он ысырма құрылғыларын ауыстырамыз, – деді Абай ауданының әкімі Сәбит Оспанов.

Топар кентінде де жылу трассасы жөнделеді. Южный кентінде қазандықты жөндеу жоспарланған.

Жұмыс сапары барысында Ермағанбет Бөлекпаев Абай ауданының тұрғындарымен және жергілікті мәслихат депутаттарымен кездесті.

және жергілікті мәслихат депутаттарымен кездесті.

Адамдар көкейлеріндегі мәселелер туралы ашық айтты.

Олардың қатарында жол проблемалары, медицина мамандарының тапшылығы, көгалдандыру, қоқыстарды жинауға қатысты сұрақтар болды. Абай тұрғындары кинотеатрды қалпына келтіруді сұрады.

Жеңілдетілген несие бойынша ақша қашан болатыны қызықтырды.

Тұрғындар облыс әкіміне электрмен жабдықтау мәселелеріне шағымданды: кернеудің көтерілуі мен энергияның өшуі алаңдатады. Ермағанбет Бөлекпаев энергия қадағалауға КРЭК компаниясының жұмысын тұрақты бақылауға алуды тапсырды.

Кездесуде жолдарды жөндеу туралы айтылды. Автожолдардың 30 учаскесі, сондай-ақ Абай мен тоғыз ауылдық елді мекендердегі көшелер қамтылады. Жақында Абайда тұрғын үй кезегінде тұрғандар үшін 80 пәтерлі үй тапсырылады.

Дубовка ауылдық округінде кәріз желілерін қайта құру басталады. Топарда Энергетиктер паркін қалпына келтіру аяқталады.

– Адамдардың шағымына құлақ асу және оларды шешу – бұл біздің міндетіміз. Біз туындаған барлық мәселелерді шешуге тырысамыз. Барлық айтылған жоспарларды іске асыру қажет. Бірінші міндет – Абай қаласы мен Топар кентін тұрақты жылумен қамтамасыз ету. Біз мұны істейміз. Тағы бір міндет – инвестиция тарту. Бұл жаңа жұмыс орындарын құруға, аудан экономикасын көтеруге көмектеседі. Бизнес ашыңыздар, біз сізге барлық жағынан көмектесуге тырысамыз, – деді Ермағанбет Бөлекпаев.

Кездесуден кейін облыс әкімі азаматтарды жеке қабылдады.

Жұмыс сапары барысында Ермағанбет Бөлекпаев Абай көпсалалы колледжіне және бірқатар кәсіпорындарға – "Восточная" ЦОФ, Абай тігін фабрикасына,

"Топар жылыжайларына" барды. Сонымен қатар, өңір басшысы Топарда дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысын тексерді.