
Шахтинск қаласындағы Жеңіс саябағында мектеп парламентінің 12 президенті, экология және еңбек фракцияларының өкілдері, Шахтинск мектептерінің көшбасшылары 12 күміс терек отырғызды. Енді қалада мектептегі өзін-өзі басқарудың өз Аллеясы бар.

Оған көшеттердің жанындағы атаулы тақтасы дәлел. Мектеп оқушылары көшеттерге өздері қамқорлық жасайды.

"Ағаш отырғыз" акциясын ұйымдастырушылар – Оқушылар сарайы және Ш. Уәлиханов атындағы мектеп-гимназиясы. Мереке Халықаралық Жер күніне орайластырылды.

"Ағаш отырғыз" акциясынан басқа, Шахтинск қаласында барлық білім беру ұйымдарында көптеген экологиялық іс-шаралар өтті: сынып сағаттары, сурет байқаулары, табиғи материалдан жасалған қолөнер көрмелері және басқалар.

Балабақшалардың, жалпы білім беретін мектептердің, қосымша білім беру ұйымдарының қызметкерлері өз аумақтарында ғана емес, қалада да тәртіп орнатты. Көшелер, үйлер, саябақтар қоқыстан тазартылып, жаңа ағаштар мен бұталар отырғызылды.

– Бұл күні "Балабақша – мектеп" жобасын өткізу жақсы дәстүрге айналды. Оқушылар балабақшалардың аумағын ретке келтіруге көмектесті. Мектеп жасына дейінгі балалармен бірге олар көшет отырғызуға да қатысты. Балалар өте тату, жақсы жұмыс істеді, барлығы игі іс жасағысы келді, – деді Шахтинск қаласының білім бөлімінің әдіскері Сайра Сағадиева.

