Қарағандыда жылу сапасын қалай жақсартпақ

Қарағандыда жылу сапасын қалай жақсартпақ

Қарағандының орталығында жылу сапасы артуы тиіс. Ол үшін қалада ЖЭО-3 магистралі қайта жаңартылады. Сонымен қатар, үшінші жылу құбырының құрылысы жалғасуда. Бұл жаңа шағын аудандардағы жылу тапшылығы мәселесін шешуге көмектеседі.

Облыс әкімі Ермағанбет Бөлекпаев облыс орталығын аралау кезінде жылумен жабдықтауды жақсарту үшін қандандай жұмыстср атқарылып жатқанын тексерді.

Бірінші нүкте ЖЭО-3 жанындағы жылу магистралінің учаскесі болды.

– Жылыту маусымында мұнда тұтынушылардың жылумен жабдықтау сапасына әсер ететін бірнеше ақаулар болды. Биылғы жылы бюджеттен Бірінші учаскеге қаражат бөлінді. Жоба кезең-кезеңімен жүзеге асырылады. Құбырдың диаметрі жылудың көбірек өтуі үшін ұлғайтылады, – деді Қарағанды қаласының коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшысының орынбасары Рүстем Қожақапанов.

Оның айтуынша, қазір мердігерді таңдау бойынша конкурс жүріп жатыр. Осыдан кейін олар бірден жұмысқа кіріседі.

Сондай-ақ, Қарағандыда кезең-кезеңімен М10 жылу магистралі қайта жаңартылады. Бұл Оңтүстік-Шығыс тұтынушыларына сапалы және үздіксіз жылу береді және жаңа ғимараттарды қосу үшін резервті қамтамасыз етеді.

Сонымен қатар, Пришахтинск жылу желілері жаңғыртылуда.

Сондай-ақ, Ермағанбет Бөлекпаевқа ұзындығы 22 шақырымды құрайтын үшінші жылу құбырының құрылысы туралы баяндалды. Бүгінгі таңда екі жолақпен шамамен 14 км құбыр төселіп, төрт сорғы станциясының қаңқалары тұрғызылды.

"НС Система" ЖШС бас инженері Сергей Фриктің айтуынша, жұмыстар кесте бойынша жүргізілуде, алты дәнекерлеу бригадасы мен 52 арнайы техника жұмылдырылды.

Осы жылы сорғы станциялары мен оларды өзара байланыстыратын құбырлардың құрылысын аяқтау жоспарлануда. 

Құбырларды төсеу жалғасады.

– Бұл өте маңызды жоба. Жаңа ғимараттарды жылуға қосу үшін болашақта қор қамтамасыз ету қажет. Ең бастысы – жұмыстың сапасы, сондықтан бақылау тұрақты болады, – деп атап өтті Ермағанбет Бөлекпаев.

Қалада сонымен қатар вандалға қарсы жергілікті материалды қолдана отырып, магистральдық құбырлар оқшаулануда. Бұл қазірдің өзінде жылу шығынын азайтты. Облыс әкіміне биыл жоспарланған 76,2 шақырым толығымен аяқталатынын хабарлады.

Өңір басшысы орамішілік желілерді оқшаулаумен айналысуды тапсырды.