
Қарағанды мен Теміртау оқушыларына қоқысты дұрыс кәдеге жарату туралы айтылды. Кездесулер "Бөл! Тапсыр! Қайта өңде!" жобасы аясында өтті. Ол табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының тапсырысы бойынша жүзеге асырылады.

Дәріскерлер табиғи ресурстарға ұқыпты қарау туралы айтып өтті. Оқушылар қоқысты қайта өңдеудің қалай жүргізілетінін, пластиктің қандай түрлері бар екенін және неге полиэтилен пакеттерін шамадан тыс тұтынудан бас тарту керектігін білді.

Осындай кездесулер облыстың басқа қалалары мен аудандарында өтеді. Сонымен қатар, жоба аясында сенбіліктер мен экологиялық акциялар ұйымдастырылады. Ал мектептерде пластик жинауға арналған контейнерлер орнатылады.