Қарағанды облысының әкімдігі мен "Қазақмыс" корпорациясы өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

Қарағанды облысының әкімдігі мен "Қазақмыс" корпорациясы өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

"Қазақмыс" корпорациясы" ЖШС Қарағанды облысында 15 жобаны жүзеге асыруға көмектеседі.

Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Ермек Алпысов пен "Kazakhmys Holding" ЖШС ESG жобасының жетекшісі Сәкен Шаяхметов өңір әкімдігі мен "Қазақмыс" компаниялар тобы арасындағы өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Меморандумның мақсаты – "Қазақмыс" корпорациясы қатысатын қалалар мен аудандардың инфрақұрылымы мен абаттандырылуын дамытуда тараптардың өзара қолдауы мен белсенді ынтымақтастығын қамтамасыз ету.

Келісім шеңберінде таяу жылдары Балқашта бас кәріз коллекторының 2,1 км авариялық учаскесіне ағымдағы жөндеу жүргізілетін болады, емхана ғимаратын балабақша ретінде қайта жаңарту басталады. Урбанистика орталығымен бірлесіп қаланы абаттандыру жобалары іске асырылып, жаңа стационарлық жазғы сахна орнатылады.

Сондай-ақ, "Қазақмыс" корпорациясының қаржыландыруы есебінен Балқаш қаласының тіршілікті қамтамасыз ету желілерінің кейбір жобаларының жобалау-сметалық құжаттамасы әзірленетін болады.

Меморандумда "Қазақмыс" қатысатын басқа да жобалар көрсетілген. Осылайша, компания Қарқаралы ауданы Абыз ауылындағы мектебін жөндеуге қолдау көрсетеді. Ал Ақтау кентінде бес қабатты екі үйдің шатыры жөнделеді.

Әлеуметтік әріптестік туралы меморандумға қол қою өңірдің дамуына жаңа серпін береді.