
Қарағанды облысында биыл Қарағанды, Теміртау мемлекеттік орман қоры мен Қарқаралы ауданы Егіндібұлақ ауылының аумағында 1,3 миллионнан астам қарағай, үйеңкі және қарағаш көшеттерін отырғызу жоспарлануда. Көгалдандырудың жалпы ауданы 457 гектардан асады.
Бұл туралы Қарағанды облысының Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Бақтияр Санбаев Facebook-те тікелей эфир кезінде айтты.
– Қарағанды облысында жыл сайын көгалдандыру жұмыстары жүргізілуде. Өткен жылы 396,7 га алқапқа 1 040,2 мың дана көшет отырғызылды, – деді Бақтияр Санбаев. – Биыл көктемде және күзде Қарағанды, Теміртау және Егіндібұлақ мемлекеттік орман қорында 1,3 млн дана көлемінде 457 га алқапқа қарағай, үйеңкі және қарағаш отырғызу жоспарлануда.

Сондай-ақ биыл Қарағанды, Теміртау және Балқаш қалаларында 1000 ағаш отырғызылады. Онда күміс және пирамидалы теректер, қарағайлар отырғызылады.
Сондай-ақ, Қарағанды – "Сарыарқа" әуежайы автожолының бойында 27,2 га алаңға терек пен қарағай отырғызу жоспарлануда.
Мемлекеттік орман қоры аумағында өрттерді уақтылы жою үшін бес орман өртеу станциясын салу жоспарлануда. Сондай ақ басқарма өрт сөндіру және орман күзет машиналарын сатып алуды жоспарлап отыр.